Балаңызды ерте әлеуметтендіруді және  дамуын бастау үшін тамаша мүмкіндік.

"Алтын ұя" балабақшасы

Балабақшаның телефон номері:

+7 (72831) 5-61-08

Қоңырау шалуға тапсырыс қалдырсаңыз болады. Біз сізбен 5 минут ішінде хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береміз

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.

БАЛАНЫҢ БАЛАБАҚШАҒА БЕЙІМДЕЛУІ

 

       Сіздің балаңыз балабақшаға алғаш барған кезде, ол үшін бірінші рет анасынан ажырап өзіне таныс емес үлкен адамдар мен бір топ балалардың арасына түсуі болып табылады. Бала үшін өзінің отбасында өзін ұстау ережелері қалыптасып қалған. Балабақшаға келген күннен бастап үйреншікті өмір сүру ортасы өзгереді.

 

Бұл неден көрініс табады?

— Баланың эмоционалды жағдайы, ұйқысы, тәбеті нашарлайды;

— дене қызуы көтерілуі мүмкін;

— бала бойында қалыптасып қалған жақсы қасиеттерінің жоғалуы мүмкін;

— иммунитеттің төмендеуі, салмағының азаюы мүмкін.

 

Бала ортаға бейімделгеннен кейін эмоционалды жағдайы қалпына келеді. Ортаға деңгейдегі бейімделуде алғашқы айларында бала Тұмаумен ауыруы мүмкін, ал ортаға қиын бейімделсе баланың эмоционалды жағдайының қалпына келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Осының барлығы баланың келесідей іс қимылдарынан байқалады: баланың тығылып қалуы, қабылдау бөлмесінде отыруы, анасын қайта — қайта шақыру.

Баланың ортаға бейімделуі неге байланысты: Баланың жасына байланысты. 2 жасқа толғаннан кейін баланың ортаға бейімделуі оңай жүреді. Олардың ортаға деген қызығушылығы жоғары болады, назарларын басқаға аудару жеңілдірек, айтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай. Баланың жасы мен денсаулығының жағдайына байланысты;

Баланың жекелеген ерекшелігіне байланысты;

Биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты;

Бейімделуге деген дайындығына байланысты (баланың басқа ортаға қаншалықты барып көргендігі, туысқандарына, демалысқа және де басқа жақтарға барып өзімен жасты балалармен қаншалықты араласып көргендігіне байланысты).

Балаға басқа ортаға бейімделу кезінде қалай көмек беру керек?

Кішкентай бала ата — анасымен тығыз байланыста болады. Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты ата — анасымен байланыс ол үшін маңызды болып табылады. Сондықтан баланың қоғамға деген көзқарасын қалыптастыратын ата — анасы.

Баламен өзіне тікелей қатысты мәселелерді ашық талқылайды білу керек. Қазіргі уақытта баланың өмірінде не болып жатыр, не болу мүмкін деген сұрақтардың жауабы екеуара таба білуіңіз қажет. Баламен оның күнделікті балабақшаға баруын және оның өмірін бақылауда ұстағаныңыз дұрыс. Бала анасының жанында бейтаныс адамдармен араласуды оларға сұрақ қоюды үйренеді. Осыдан кейін баланың бойында балабақшаға келіп өзімен жасты балалармен ойнауға, тәрбиешілермен сөйлесуге деген ынта болады.

 

Баланың әлемді өз еркімен тануға деген құқығы бар!

Баланың балабақшаға баруы эпикризистік кезеңдерге: 1ж 3а, 1ж 6а, 1ж 9а, 2ж 3а, 2ж 6а, 2ж 9а, 3ж түспеуі керек. Балабақшадағы күн тәртібін алдын ала біліп, баланың үйдегі күн тәртібін соған ұқсас жасауға тырысу керек. Баланың балабақшаға үйренгендігін қалай білуге болады?

 

Ол үшін келесілерді байқаймыз:

— ұйқысының жақсаруы;

— тәбетінің жақсы болуы;

— эмоционалды жағдайының тұрақты болуы;

— үйреншікті қылықтары мен білімдерінің қалпына келуі;

— белсенділігінің артуы;

— салмағының артуы;

 

Жыл сайын балалар дәрігерлік тексерістен өтуі тиіс. Егер бала ауырып қалса, онда балабақшаға жазылғаннан кейін екі аптадан соң қабылдайды.

 

ҚУАНЫШПЕН БАЛАБАҚШАҒА

 

Бала қанша тез тіл табысқыш және өз ісіне тұрақты болғанымен, балабақшадағы алғашқы күндер бала үшін қиынға соғады. Бала үшін қалыптасқан жағдайды бірден өзгертудің салдарынан, бала қатты стресс алып қалмауы үшін, оны балабақшаға біртіндеп үйреуті қажет.

 

Тәрбиешімен алдын-ала танысып, бірнеше мәрте баламен топта бірге жүргеніңіз абзал. Сонда бала өзі үшін үйреншікті емес жағдайдан шошымайды.

 

Алғашқы бірнеше күндері баланы 2-3 сағатқа, бірті-бірте уақытты соза отырып топта қалдырған жөн. Өзімен сүйікті ойыншығыан алуға рұқсат етіңіз. Егер бала Сіздің кетіп бара жатқаныңызыды ауыр қабылдаса, балабақшадағы алғашқы күндері баламен бірге болыңыз. Сіз тәрбиешіге балаларды серуендеуге шығару кезінде, балаларды киіндіруге, тамағын беруге көмектесуіңізге болады. Балаға тез оралатыныңызды айтып, топтан аз уақытқа шығып тұрғаныңыз жөн.

 

Баланың 5-7 күндері ОРВИ-мен ауруы мүмкін. Соған дайын болыңыз. Баланы 4-ші күннен, 10-шы күнге дейін үйде қалдырған абзал. «Жаңа» микробтармен байланыс пен стресстің салдарынан пайда болатын аурудың алдын-алу қажет.

 

Балабақшаға келген алғашқы күндері бала қорғаныс пен эмоционалды жайлылық сезімінен аса мұқтаж. Бұл уақытта балаға жағымсыз әрекеттерді болдырмаңыз. Егер бала шашын қиғанды ұнатпаса, оны бала тұрақты жағдайға түскенше қалдырыңыз немесе балабақшаға барғанға дейін шашын қиып қойыңыз.

 

Баланы қонаққа апарып, үйге кеш қайтпаңыздар. Бала бұл уақыт аралығында түрлі әсерлермен жүреді. Сондықтан оның жүйке жүйесін барынша сақтау қажет.

Балабақшаға жазылу

 

Сіз балаңызды біздің балабақшаға орналастырғыңыз келе ме?

Сұраныс жазыңыз, біз Сізге хабарласамыз

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.