Балаңызды ерте әлеуметтендіруді және  дамуын бастау үшін тамаша мүмкіндік.

"Алтын ұя" балабақшасы

Балабақшаның телефон номері:

+7 (72831) 5-61-08

Қоңырау шалуға тапсырыс қалдырсаңыз болады. Біз сізбен 5 минут ішінде хабарласып, барлық сұрақтарға жауап береміз

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.

«Алтын-ұя» балабақшасы Жаркент қаласы, Жаңа құрылыс,1 көше №19 мекен жайында орналасқан.

 

Балабақша ғимараты екі қабаттан құрылған. Жекеменшік жылу жүйесі, сумен және сымтетікпен қамтамасыз етілген. Асхана, кір жуатын бөлме, және шаруашылық материалдарын сақтайтын қойма балабақшаның негізгі ғимаратынан тыс жерде орналасқан.

 

Жалпы балабақшада 18 педагог жұмыс жасайды. Әдістемелік кабинеттегі жұмыстар жоспарға сай жүргізілді. Олар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талабы бойынша балабақшаның күн тәртібін құру жұмысынан бастап оқу іс-әрекетін болжау технологиялық карталарын жасау,сайыс ережелерін құру, педагогикалық кеңестерге материалдар даярлау, жалпы педагогтың сапалық құрамын анықтау,базалық оқу жоспарын,ҰОӘ-нің кестесін құру т.б.осы сияқты жұмыс түрлері уақытылы жүргізілді. Бала өмірін қорғау денсаулығын нығайту барысындағы жұмыс түрлері маусымдық берілетін кеңестер,спорттық мерекелер,денсаулық күндері жоспарға сай өткізілді.Сауықтыру – шынықтыру жұмыстарынан ертеңгілік шынықтыру жұмыстары мен сергіту жаттығулары,ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары жүргізіліп келеді.

 

Жұмыс уақыты сағат таңғы 08.00-ден 18.00 ге дейін. МДҰ 5 күндік жұмыс жүйесіне негізделген. Балабақша мемлекеттік тілде жұмыс істейді. Жоба қуаттылығы: 280 орын.

БІЗБЕН БІРГЕ БОЛУдың 5 СЕБебі

ҚАУІПСІЗ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ

Біздің алаңдар экологиялық материалдардан өткір бұрыштарсыз жиналған, сонымен қатар серуендеу тәрбиешілер бақылауымен өтеді

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН

АРНАЙЫ ЖИҺАЗ

Біз балалардың кез келген соққысын жеңілдететін экологиялық және қауіпсіз жиһазды қолданамыз

БАЛАБАҚШАНЫҢ АУМАҒЫ ЖАБЫҚ

Барлық ойын алаңдары жеке сектордың жабық аумағында орналасқан. Бұл бөтен адамдардың балабақшаға кіруін болдырмайды

ТҰРАҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ

Біздің балабақша әр баланың қауіпсіздігі мен жағдайын мұқият қарайды. Біздің тәрбиешілер әрдайым бақылаулы және белсенді

ШТАТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛ

Штаттық медперсонал балалардың жай-күйін үнемі тексеріп отырады.

«Алтын ұя» балабақшасында 280  бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары –қазақ,орыс,ұйғыр,өзбек,татар,белорус тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы екі жастан алты  жасқа дейінгі балалар. Балабақшада балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік, шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, мүсінші  балаларды байқауға болады.

Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.

Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі аса маңызды.

 

Балабақшаға жазылу

 

Сіз балаңызды біздің балабақшаға орналастырғыңыз келе ме?

Сұраныс жазыңыз, біз Сізге хабарласамыз

Отправка формы…

На сервере произошла ошибка.

Форма получена.